ДОКТОРАНТУРА

ДОКТОРАНТУРА

      03 шілдеден 25 шілдеге дейін – құжаттарды қабылдау.
     08 тамыздан 16 тамызға дейін – білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау емтиханы.
     28 тамызға дейін – оқуға қабылдау.
     Докторантураға «магистр» дәрежесі және 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тұлғалар қабылданады.
     Докторантураға түсуші тұлғалар ЖОО-ға келесі құжаттарды тапсырады:
     1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
     2) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
     3) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат;
     4) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
     5) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
     6) № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
     7) жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс -парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
     8) қазақ және орыс тілдерінде зерттеу тақырыбы бойынша автореферат түріндегі негіздеме.
     Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
     Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:
     - ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP - 460 балдан кем емес), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, пороговый балл - 87 балдан кем емес), (TOEFL пороговый балл - 560 балдан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, пороговый балл - 5.5-тен кем емес);
     - неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/ С1 деңгейі);
     - француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaise (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaise (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF - 400 балдан кем емес);
     Оқуға түсуші докторантураның білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтиханын тек сол ЖОО мен ғылыми ұйымға тапсырады.
     Докторанттар қатарына қабылдау жалпыеуропалық шет тілін меңгеру құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат және докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
     Жоғары оқу орындарына қабылданған кезде докторанттар тиісті білім беру бағдарламаларының тобынан білім беру бағдарламасын дербес таңдайды.
     Білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурстық негізде кешенді тестілеу және (немесе) түсу емтихандарының сомасы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады – 150 балдан кем емес.


Докторантура мамандықтары

ШифрДокторантура мамандықтарыБілім беру бағдарламасы
6D010300 Педагогика және психология Қарау
6D020500 Филология қаз., рус.
6D050600 Экономика Қарау
6D060700 Биология Қарау
6D071300 Көлік, көліктік техникасы және технологиялары Қарау
6D071800 Электр энергетикасы Қарау


Тестілеуге төлеу үшін банк реквизиттері:
Тестілеудің ақысы 4200 теңгені құрайды және төлем «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бөлімшелерінде
ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК
010011 Астана қ., Жеңіс пр., 60
РНН 600300086081
БИН 000140001853
ИИК KZ536010111000001515
БИК НSBKKZKX
КБЕ 16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ



Байланыстар

С. Торайғыров атындағы ПМУ
Павлодар қ., Ломов к-сі, 64 үй, 140008
Тел.: 8 (7182) 67-37-73, 8 (7182) 67-37-74
Біздің сайтымыз: psu.kz